Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жаңаөзен қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және олардың балалары, сонымен қатар «Жас Отан» жастар қанатының ерікті құрамдарымен бірлесе, Жаңаөзен қаласының бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып ауқымды түрде қоғамдық орындар мен халық көп шоғырланатын орындарда, яғни «Зиба» ойын-сауық орталығында халыққа жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Шара барысында қызметкерлер және қызметкерлердің балаларымен, ерікті құрам жастары сауда орталын аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін, төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарын жіте түсіндіріп, жадынамалар таратты.
Сонымен қатар баспа БАҚ-та ақпараттық жұмыстар, жергілікті теледидар мен радиода қойылымдар, теледидарлық бағдарламалар, бейнероликтер, тақырыптық дәрістер, әңгімелер, консультациялар, брифингтер, конференциялар, білім беру және медициналық мекемелерде, мұнай-газ компаниялары кәсіпорындарында және олардың мердігерлерінде, нысандарында, әлеуметтік қорғау объектілерінде, сондай-ақ елді мекендерде ақпараттық жұмыстар жүргізіледі.
Маңғыстау облысы