• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қараша, 2019

Қазақстан мемлекеттік резервке 350 мың тонна бидай сатып алды

149 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Азық-түлік корпорациясы астықтың резервтік қорын қалыптастыруды аяқтады. Елдің арнайы қоймаларына 2019 жылғы егіннің 350 мың тонна бидайы түсірілді. Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылдың 28 қазанында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК астық сатып алуды жеделдету үшін резервтік қорға сатып алу бағасын қайта өзгертті. Ескі және жаңа көрсеткіштер арасындағы айырмашылық өнімнің сапалық көрсеткіштеріне байланысты тоннасына 18 мың теңгеге жуық қаржыны құрады. Азық-түлік келісім шарт корпорациясы астық жинау барысында қолайсыз ауа-райы жағдайларына тап болған қазақстандық шаруалардың астықты жоғарғы бағамен өткізулерін қамтамасыз етті. Жалпы Азық-түлік корпорациясы 2019 жылғы 3 және 4 сұрыпты 350 мың тонна бидай сатып алды. Қалыптасқан азық-түлік астығының көлемі көктемгі-жазғы кезеңде отандық ұн тарту кәсіпорындарын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын болады, ол қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының нарығында ұн мен нан-тоқаш өнімдеріне бағаны ұстап тұру үшін пайдаланылады», делінген хабарламада.