• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қараша, 2019

Елордалық 1025 түлек Жастар тәжірибесі бағдарламасына қатысты

195 рет
көрсетілді

2019 жылдың басынан елордалық жоғары оқу орындарының 1025 түлегі Жастар тәжірибесі бағдарламасына қатысуға жіберілген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларының бірі еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері қатарындағы жұмыссыздар үшін Жастар тәжірибесін ұйымдастыру болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты – бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жағдай жасау, біліктілікті арттыру, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті  арттыру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.

Ағымдағы жылдың басынан оқу орындарының 1025 түлегі Жастар тәжірибесіне қатысуға жіберілді. Бүгінде бағдарламаға қатысушы жастарға төленетін айлық жалақы мөлшері 70 139 теңгені құрайды.

Естеріңізге салсақ, жастар тәжірибесіне  қатысушыларға еңбекақы төлеу республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және қатысу мерзімі 6 айдан аспайды», делінген хабарламада.