• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Қараша, 2019

Дзюдошылар «Мастерс» турниріне даярлануда

244 рет
көрсетілді

12-14 желтоқсан аралығында Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан жылдың қорытынды жарысы – «Мастерс» турнирінің жалауы желбірейді. 

Бұл беделі өте зор бәсеке. Олай деуге негіз, дәп қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингте әр салмақ дәрежесі бойынша алғашқы 16 орынды иеленіп отырған балуан ғана айтулы додаға қатыса алады. Олардан бөлек, жарыс қожайындары ретінде Қытай толық құрамда өнер көрсетеді. Және де Олимпия ойындарының жолдамасына иелік ету үшін таратылатын ұпай қоры да мол. Мәселен, бас жүлдені олжалаған балуанға 1800 ұпай берілсе, күміс және қола жүлдегерлер 1260 және 900 ұпайдан олжалайды. Сондықтан да «Мастерске» қатысқан әр дзюдошы барынша табысты өнер көрсету үшін барын салатыны анық.

Қазіргі кезде біздің балуандар Алматы қаласының іргесіндегі Байтерек ауылы маңында орналасқан олимпиадалық базада даярлануда. Жігіттердің көңіл-күйлері жақсы. Барлығы да «Мастерс» турнирін маңыздылығын жақсы түсінеді. Сол себепті де жерлестеріміз татамиде еш аянып қалмайды, дейді Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Айдын Смағұлов.