Футзалдан Қазақстан кубогы жолындағы жарыстың алғашқы жартылай финалдық сайыстары өтті.
Ақтөбеде жергілікті клуб пен Алматының «Қайраты» күш сынасты. Бәсеке барысында алаң иелері екі рет алға шыққанымен жеңісті қонақтар қарсыластарының уысынан жұлып әкетті. Есеп – 3:4 (2:1). Енді осы қос команда арасындағы жауапты кездесу 13-желтоқсанда Алматыда өтеді.
Рудныйда «Аят» пен Талдықорғанның «Жетісуы» шеберлік байқасты. Аса шиеленісті өткен ойында қонақтардың мерейі үстем болды. Есеп – 1:2 (0:1). Жартылай финалдық межедегі қарымта бәсеке 13-желтоқсанда Алматы облысының орталығында өтеді.