• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қараша, 2019

Алматыда «Шығыс базары» дәстүрлі Орталық Азия қолөнер көрме-жәрмеңкесі өтті

665 рет
көрсетілді

Мерекедей құлпырған бұл күндері мың бояулы Алматыда күн райы да жарқырап тұрды. «Шығыс базары» осы үш күнде мол дастарханын жайды.  2019 жылдың 29-30 қараша – 1 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасының ТұңғышПрезиденті Күнін мерекелеу аясында ҚРМемлекеттік орталық музейі «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп «Шығысбазары» дәстүрлі Орталық Азия қолөнер көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкенің аты айтып тұрғандай көршілес елдерден Қырғызстан,Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан жәнеРесейден келген шеберлердің сыйлықтары жәнекәдесый өнімдерінің үлгілері кең көлемдеұсынылды.

Қолданбалы өнер бұйымдары-бұл материалменжұмыс істеудің жаңа тәсілдері, формалардың,идеялардың, олжалардың, мәнерлердің алуантүрлілігі. Бүгінде әрбір үйде халық шеберлерініңшығармалары бар деуге болады . Шынында оларбіздің өмірімізге эстетикалық сезімге жауап беретін көркем туындылар ретінде жақындаса кіреді, ауылдық және қалалық тұрғын үйлердің әшекейінеайналған деп ұғынуға көңіліміз де әбден үйренген дерсіз.

Жаңа жылдық мереке қарсаңында бұл көрмеге келушілердің назарына киім, зергерлік әшекей бұйымдар, музыкалық аспаптар, шығысминиатюралары, көз үйренген кәдімгі киіз және жібекбұйымдары, тоқыма және тоқылған заттар, әр түрлі тәсілмен тоқылған сан түрлі көз жауын алған кілемдер мен жарқыраған шамдар, амулет жәнебылғары бұйымдар ұсынылды. 

Бұл өтіп жатқан «Шығыс базары» көрме-жәрмеңке шеңберінде Қазақсанның ТұңғышПрезиденті - Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры»атты мақаласының аясында көркем мектептер,колледждер мен жоғары оқу орындары арасында«Ұлттық тақырыпқа натюрморт» атты халықаралық көркем шығармалар байқауы өтті, сондай-ақ музейгекелушілер үшін әуесқой балғындарға ниет білдіргендерге арнап арнайы көркем сурет салу бойынша шеберлік-сабақтар ұйымдастырылды.Әдемі әспетімен өзіне еліктірген «Шығыс базары» өз бұйымдарымен келушілерде өзіне ынтықтыра түскендей екен.  

Шіркін, «Шығыс базары» жәрмеңкесі...