• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Желтоқсан, 2019

Елорда әкімі MEDEF өкілдерімен кездесті

184 рет
көрсетілді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Франция кәсіпорындары қозғалысының өкілдерімен кездесті (MEDEF). Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Тараптар денсаулық сақтау, автомобиль жасау, аэроғарыш өнеркәсібі, құрылыс, инвестиция тарту, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым және өзге де салалардағы өзара ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.

Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ және Франция-Қазақстан Іскерлік кеңесінің төрағасы Ив-Луи Даррикарер нәтижелі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін атап өтті.

Кездесу барысында Alstom компаниясының Таяу Шығыс елдері бойынша вице-президенті Дидье Флежер, Vicat өңірлік директоры Пьетро Кала, Renault вице-президенті Николя Мор, Air Liquide вице-президенті Филипп Кристодолу және MEDEF делегациясының басқа да өкілдері сөз сөйледі. 

Елорда әкімі Алтай Көлгінов елордада Астана халықаралық қаржы орталығының бар екендігін айтты. АХҚО базасында экспат-орталық жұмыс жұмыс істейді. Экспат-орталықта шетелдіктер ағылшын тілінде мемлекеттік қызметтерді ала алады.