• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Хоккей 05 Желтоқсан, 2019

ҚХЛ үздіктері қатарына енді

202 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) үздік ойыншыларды анықтау жөніндегі комиссиясы турнирдің 12-ші аптасындағы лауреаттарды атады.

Үздік қақпашы атағы «Барыс» қақ­пашысы Эдвард Паскуалеге бұйырды. Ол командамен бірге соңғы үш ойында жеңіске жетіп, 96,67 пайыз қақпаға дәл бағытталған соққыны қайтарған. Сондай-ақ үздік қорғаушы аталымында «Барыстың» тағы бір хоккейшісі Атте Охтамаа топ жарды. Ол соңғы үш ойын­да қақпаға жалпы есебі 12 соққы жасаған.

Қазіргі таңда «Барыс» клубы ҚХЛ-дің «Шығыс» конференциясында 42 ұпаймен төртінші орында тұр.