• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 05 Желтоқсан, 2019

Қолма-қол ақшасыз төлем жасау 52 %-ға көбейді

196 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың 10 айында қазақстандықтар төлем карталарын қол­данып 24,1 трлн теңге сомаға 1,2 млрд операция жасады. Сөйтіп, қол­ма-қол ақшасыз жасалған қаржы операцияларының көлемі 2018 жыл­­­мен салыстырғанда 52 %-ға жоғарылады. Бұл туралы finreview.info хабарлады.

Қолма-қол ақшасыз операция­лардың негізгі бөлігі мобильді банкинг пен POS-терминалдар арқылы жүзеге асырылды. Жасалған опера­ция­лардың орташа чегі 20 мың теңге шамасында.

finreview.info хабарлағандай, бү­гінгі таңда ел азаматтарының қолын­да 31,2 млн төлем карточкасы бар. Төлем карточкаларын 22 банк пен «Қазпошта» АҚ шығарады. Халық ара­сында VISA International мен MasterCard Worldwide халықара­лық төлем жүйелерінің карталары кең таралған. UnionPay International, American Express International және Diners Club International карта­ларына деген сұраныс олармен салыс­тыр­ғанда айтарлықтай төмен.   Отандық екінші деңгейлі банктер де Altyn Card («Қазақстан Халық Банкі» АҚ), Ситибанк Қазақстан (Ситибанк Қазақ­стан АҚ) және Kaspi.kz (Kaspi Bank АҚ) сынды жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарады.

Соңғы 10 жыл ішінде төлем кар­точ­каларының саны жыл сайын орта есеп­пен 20,3%-ға, ал ұстаушылар саны 17,7%-ға артып келеді. Тек 2015 жыл мен 2016 жылы ғана әлемдік эко­но­ми­калық дағдарыстың салқыны қат­тырақ сезілген тұста карточка ұс­таушы­лар­дың қатары азайғаны байқалған.