• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 05 Желтоқсан, 2019

Мемлекет басшысы ресми сапармен Германияға барды (видео)

283 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен келді деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында. 

Бүгін Қазақстан Президенті Канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді. Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездеседі.

Мемлекет басшысы 6 желтоқсан күні Берлин Еуразиялық Клубының 28-отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Сондай-ақ бірқатар неміс компаниясының басшыларымен кездесу өткізеді.