• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Желтоқсан, 2019

Мұз айдындар, сырғанақтар еріп кетпей ме?

359 рет
көрсетілді

Павлодар облысының жергілікті ауа райын бақылау орталығы биыл өңірде қыс жылы, қар аз болады деп болжап отыр.

Ал облыс орталығында мұз айдындары мен сырғанақтар жасау дәстүрге айналған.

Қалалық Дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәліметінше, солтүстіктің ауа райы күрт өзгеріп, қыс жылынып кеткендей.

Бірақ мұз айдындары, сырғанақтар, қысқы ойын алаңдары дайындалуда.

Қараша айының соңғы күндері ауа температурасы -15-20 С болған кезде облыс орталығында  мұз қатыру жұмыстары жүргізілді.

Биыл 26 хоккей корты жұмыс істейді.

Сонымен қатар облыс орталығында  Батыр Mall сауда орталығындағы «Айс» аренасы, «Астана» мұз сарайы, «Ертіс» шаңғы базасы, Шығыс ықшам ауданындағы жабық хоккей корты, Гагарин атындағы саябақ, қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы мұз айдындары мен сырғанақ орындары ашылады.

Жылдағы дәстүр бойынша қалалық мектептер жанынан 42 конькимен сырғанау орны - мұз айдындары жасалып жатыр.

Сонымен бірге қала маңындағы Ленин кенті, Кенжекөл, Жетекші және Павлодар ауылдарындағы мектептерде де мұз айындары ашылады.

Конькилерді жалға алу құны ересектер үшін 600, балаларға 400 теңге болмақ. Ал сырғанау құралдарын қала тұрғындары өздерімен алып келеді.

Ал шаңғы тебушілер үшін облыс орталығында «Зеленая роща», «Ертіс» шаңғы кешендері жұмыс істейді. 

 

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген: Валерий Бугаев