• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Желтоқсан, 2019

Бірқатар облыста автожолдар жабылды

173 рет
көрсетілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірдің автожолдарында көлік қозғалысына тыйым салынды. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, 5 желтоқсан күні сағат 19:00 бастап жауын-шашын және көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар А-1 «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автомобиль жолының 304-341 шақырым (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін) аралығы және 341-473 шақырым (Ақмола облысы шекарасынан Петропавл қаласына дейін) аралығы көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша жабылды.

Сонымен қатар 5 желтоқсан, сағат 12:40-тан бастап Қарағанды облысы аумағында да көктайғаққа байланысты «Алматы-Екатеринбург» тасжолының 1003-641 шақырым (Қарағанды-Балқаш қалалары аралығы) аралығында, «Қызылорда-Павлодар» автожолының 906-424 шақырым (Топар кентінен Жезқазған қаласына дейін) аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды.

Ақтөбе облысында 5 желтоқсан күні сағат 20.00-ден бастап қар мен бұрқасын салдарынан «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар тасжолының 843-шақырымынан (Дөң ауылы) 965-шақырымына дейінгі (Қарабұтақ ауылы) аралығында қозғалыс тоқтатылды.