• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Желтоқсан, 2019

Су басу қаупі жоқ

263 рет
көрсетілді

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Сырдария өзенінің Қызылорда аумағындағы су тасқыны жағдайларына қатысты баспасөз мәслихаты өтті.

Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Арман Тұрлыбек апат болған жағдайда барлық техникалық қамтамасыз ету жұмыстары дайын екенін мəлімдеді.

Бұған дейін Сырдария өзені арнасынан тасуы мүмкін деген хабарлама таралған болатын. «Қазгидромет» РМК хабарламасында «Мұздың еруіне байланысты Сырдария өзенінің Жосалы тармағында су деңгейі қауіпті белгіге жақындады. Нақты деңгей таңғы 8:00-де 638 см болатын. Ал 665 см қауіпті деңгей саналады. Шекті деңгей – 720 см. Бұл жағдайда елді мекенді су басады. Су деңгейі одан əрі көтерілуі мүмкін» делінген.

Арман Тұрлыбектің баяндамасынан белгілі болғандай, қазіргі кезде Қызылорда облысындағы елді мекендерді су басу қаупі жоқ. «Республикамыздағы өзендердің бетіне мұз қату маусымы əлі аяқталған жоқ. Сырдария өзенінің трансшекаралық екені мəлім. Оның бір ерекшелігі оңтүстіктен солтүстікке қарай ағып жатыр. Мұз Арал теңізі жағында қатады», деді төраға. Сонымен қатар республика бойынша су шаруашылығының 250 арнайы техникасы барын хабарлады. «Бұл жұмыстарға 80 млн теңге бөлінген, əзірге қауіп-қатер жоқ», деді спикер.