Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан елорданың «Барыс» клубы «Барыс Аренада» Хельсинкидің «Йокерит» командасынан жеңіліп қалды.
Өте шиеленісті өткен бәсекенің алғашқы кезеңінде есеп ашылмады. Екінші кезеңнің 25-минутында Стив Мозес гол соғып, қонақтарды алға шығарса, арада 13-минут өткенде Брайан О’Нилл мергендігімен көзге түсіп, есепті еселей түсті. 52-минутта Марко Анттила есепті 1:3-ке жеткізді. 56-минутта Кертис Волк есеп айырмасын тағы қысқартқанымен ойын соңында Марко Анттила дубль авторы атанып, кездесудің нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 2:4.
Осы күнге дейін 33 кездесу өткізген «Барыс» қазіргі кезде 42 ұпайды еншілеп отыр. Жерлестеріміз алдағы кездесулерін сырт айдында өткізеді. Ертең Сочиде «Сочи», 9 желтоқсанда Омбыда «Авангард» командасымен ойнайды.