Қазіргі кезде қазақстандық қоғамда дәрігерлердің рейтінгін қалай қалыптастыру қажеттігі жөнінде әр түрлі ой-пікірлер өрістеп жүр. Қалай дегенде де бұл мәселе денсаулық сақшыларының қызметіне тиісті баға беру арқылы анықталатыны анық.
Осы орайда Ақтөбеде оның бүгінгі заманауи тәсілі жүзеге асырылып өңірдегі барлық медициналық мекемелерге арнайы мақсаттағы QR кодтар орнатылды. Осы арқылы тұрғынар кодты смартфонмен сканерлеп медициналық ұйымның қызмет көрсету деңгейі мен сапасын бағалай алады. Сонымен бірге бұл жөнінде өз ой-пікірін жазып немесе ауызша айтып қалдыруына да болады.
Тың бағалау тәсілі медициналық мекемелер үшін жаңа сапа стандарттарын енгізуге мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ тұрғындардың талап-тілектері мен сұраныстар жан-жақты зерделеуге де жол ашылады. Ең бастысы QR кодтар орнату арқылы жайлылық деңгейін көтеріп жоғарыда айтылғандай мемлекеттік медициналық мекемелердің қызмет көрсету сапасын одан әрі жетілдіру көзделген. Бұл жөнінде газет тілшісіне «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының директоры Гульмира Қожаниязова айтып берді.
Бүгінгі күні қор мамандары QR код арқылы медициналық мекемелерге қалай баға беру керектігі жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде.
Ақтөбе