Күллі әлемнің күлкісі
Бір азамат стансада сыртқа шығып, қайта мінерінде, байқамай қарсы кетіп бара жатқан поезға мініп алады да, өз вагонына, өз орнына келіп отырып жоғарыда жатқан азаматттан:
– Қайда бара жатырсың? – деп сұрайды.
– Қарағандыға...
Бұл сәл ойланып: «Ойпыр-ай-ә, қазіргі техниканың дамып, жетілгенін қойсайшы, бір мезгілде, бір вагонда , жоғарыдағы Қарағандыға, ал мен Алматыға кетіп барамын...» – деп таңданған көр.
***
Үйленгеннен кейін төрт айдан соң әйелі ұл тапқан жас әке көршісінен:
– Мұның атын кім қоямыз? – деп сұрапты.
– Желаяқ болсын! Өйткені, басқа баланың тоғыз айда өткен жолын бұл төрт-ақ айда өтті ғой, – депті көршісі.
***
Сұрақ: «Милиционерлер көшеде неге үшеуден жүреді?»
Жауап: «Біреуі оқи алады, жаза алмайды. Екіншісі, жаза алады, оқи алмайды. Ал үшіншісі, жаза да, оқи да алмайды, оның міндеті – ана екі интеллигентті бақылау».
***
– Социалистік нарықтық экономиканы кім ойлап тапты?
– Павлов.
– Бұл қайсысы? Әлгі оқымысты ма, жоқ, коммунисі ме?
– Коммунист.
– Бәсе, өзім де солай ойлап едім. Оқымысты Павлов болғанда, әуелі иттерге тәжірибе жүргізіп алар еді...
***
– Қаһарман қала Мәскеуден шыққан жылқы – қаһарман қала Волгоградқа жете ала ма?
– Жете алмайды, оны қаһарман қала Туладағылар сойып жеп қояды...
***
Әйел : – Ескертіп қояйын, енді бір сағаттан кейін үйге күйеуім келеді.
Еркек: – Мен ешқендай әбестік істеп отырған жоқпын ғой.
Әйел: – Мәселе сонда. Ал, уақыт дегенің зырлап барады...