• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Желтоқсан, 2019

Көпбалалыларға көмек

437 рет
көрсетілді

Біржан сал ауданында көпбалалы отбасыларға жаңа пәтер кілті табысталды. Аудан орталығында сауықтыру-шынықтыру кешені мен өзге де тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр. Жастар да еңбекке бет бұруда.   

–Мемлекеттік бағдарлама аясында білім алып, шағын грант ұтып алдым. Сол қаржыға қажетті құрал-жабдықтарымды сатып алып, ісімді бастадым. Кейін қажетті ғимарат тауып, бизнес жоспар жасап, несие алдым. Осылайша, менің арманым жүзеге асты. Алдағы мақсатым кәсіби шеберлігімді шыңдап, тұтынушыларыма жоғары сапалы қызмет көрсету, дейді жеке кәсіпкер Жанаргүл Сабырова.

Өңірде тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді. Бұған дейін де жылдар бойы қаңырап қалған екі тұрғын үй қалпына келтіріліп, тұрғындарға табысталған еді. Таяуда Степняк қаласында кезекті тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары мәресіне жетіпті. Жаңа баспана кілті көпбалалы отбасыларға табысталды.

–Тәуелсіздік жылдары адамдар ертеңгі күнге сеніммен қарай бастады және бүгіндері біз болашақтың жарқын боларына кәміл сенімдеміз, дейді Біржан сал ауданының әкімі Ермек Нұғыманов.

Қазіргі таңда, кілті табысталған тұрғын үйден бөлек, 21 пәтерлі жаңа тұрғын үй мен шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Келер жылы тағы екі жаңа үйдің іргетасы қаланбақ.