• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 11 Желтоқсан, 2019

Баға QR кодтар арқылы беріледі

317 рет
көрсетілді

Қазіргі кезде қазақстандық қоғамда дәрігер­лер­дің рейтингін қалай қалыптастыру қажеттігі жөнінде әртүрлі ой-пікірлер бар. Қалай дегенде де бұл мәселе денсаулық сақшы­ларының қызметіне тиісті баға беру арқылы анық­талатыны анық. Осы орайда Ақтөбеде оның бүгінгі заманауи тәсілі жүзеге асырылып, өңірдегі барлық медициналық мекемелерге арнайы мақсаттағы QR кодтар орнатылды. Осы ар­қылы тұрғындар кодты смартфонмен сканерлеп, медициналық ұйымның қызмет көрсету деңгейі мен сапасын бағалай алады. Сонымен бірге бұл жөнінде өз ой-пікірін жазып немесе ауызша айтып қалдыруына да болады.

Тың бағалау тәсілі медициналық мекемелер үшін жаңа сапа стандарттарын енгізуге мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ тұрғындардың талап-тілектері мен сұраныстарын жан-жақты зерделеуге де жол ашады. Ең бастысы, QR кодтар орнату арқылы жайлылық деңгейін көтеріп, жоғарыда айтылғандай мемлекеттік медициналық мекемелердің қызмет көрсету сапасын одан әрі жетілдіру көзделген. Бұл жөнінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының директоры Гүлмира Қожаниязова айтып берді.

Бүгінде қор мамандары QR код арқы­лы медициналық мекемелерге қалай баға беру керек­тігі жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыс­тарын жүргізуде.

 

Ақтөбе