• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 12 Желтоқсан, 2019

Рейтингте жоғарылады

105 рет
көрсетілді

Кәсіпқой бокстағы екі бірдей отандасымыз – Батыр Жүкембаев пен Жәнібек Әлімханұлы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде жоғарылады.

Орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы (8-0,4 КО) екі саты көтеріліп, 13-орынға жай­ғасты. Қандасымыз ең кейінгі же­кпе-жегін қараша айында АҚШ-тың Фресно қаласында канадалық Альберт Онолуносемен (24-3-1,8 КО) өткізіп, нокаут­пен жеңген-ді. Сондай-ақ WBC Continental Americas және WBO Global белдігін қорғаған болатын.

Сонымен қатар бірінші орта салмақтағы WBA Continental және IBF Inter-Continental белбеуінің иегері Батыр Жүкембаев (17-0,13 КО) 11-орынға тұрақтады. Жүкембаев қа­зірге дейінгі соңғы жекпе-жегін қыркүйек айында Ка­надада өткізіп, мексикалық Мигель Вас­кесті (41-8, 15 КО) ұпай санымен жеңген еді.