• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Желтоқсан, 2019

Алматы облысында ана мен бала өлімінің 12 дерегі тіркелді

370 рет
көрсетілді

Алматы облысында жыл басынан бері ана мен бала өліміне қатысты 12 оқиға тіркелді. 

Талдау нәтижелері аймақ бойынша ажалдың алдын алуға дайындықтың төмендігін көрсетіп, қауіптілік деңгейінің 5,5 есеге өскенін көрсеткен.

Жеті оқиға бойынша арнайы зерттеу жүргізіліп, оның бесеуі медицина қызметкерлерінің салғырттығынан болғандығы анықталыпты. Ал екі жағдайдың алдын алуға дәрігерлер дәрменсіз болған.

Сондай-ақ ана мен бала өмірін сақтаудағы салғырттыққа жол берген лауазымды басшылардың екеуі жұмыстан босатылып, 5 адамға қатаң сөгіс жарияланған екен.