• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Желтоқсан, 2019

Шеңгелдінің алтын-күмістерімен айшықталған жібектері

205 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі «Алтын орда-Қазақ мемлекетінің алтын бесігі» атты көрмеге келушілер көп. Бұл Алтын Орда империясының  750 жылдық мерейтойын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сол даталы күнді мерекелеу туралы осы көрмені ашты.

Кезінде Алматы облысы Шеңгелді ауылының маңынан табылған көмбелердің бірінен жібектен тігілген киімдердің фрагментерімен қатар металл тостағандар мен белдік әшекейлері табылған. Шеңгелдіден  табылған белдік әшекейлер кешеніне қылышты асу үшін екі алтын шілтерлі тоға айналмалы  сағиналанған розетка тәрізді жапсырмалар, айдаһар бейнеленген алтын тілік, күміс табақтың науаланған ұзынша тұтқасы және белдікке арналған көлденең ілмегі бар жарты кеш пішінді алтын тостаған кіреді.

Бұл қазіргі уақытта Жетісу аумағынан табылған моңғол кезеңіне жататын ең бай жерлеу орны болып табылады.

Бұл күні Мемлекеттік орталық мүзейі қорында ХІІІ ғасырдың соңы- ХІҮ ғасырдың басында қолданыста болған жібек маталар үзіктері сақталуда. Бұны ғалымдар 1980 жылы Алматыға жақын Шеңгелді ауылынан солтүстік батысқа қарай шамамен 6 шақырым қашықтықта Іле өзенінің оң жағасындағы қабірден табылғанжібек қиындылары  Шағатай ұлысы тұсындағы бекзада киімінің жұрнақтары болса керек деп топшылайды.

Орта ғасырларда жібек мәнді саяси тауар, сауда-саттық көзі, сондай-ақ тұлғаның әлеуметтік орны, әлеуетінің көрсеткіші болып табылады.Сондай-ақ жібек қиындылары моңғол билігі тұсындағы тоқыма, кесте, бояулар, метал жіп құрылымы жайлы мол мәлімет береді.

Тауар айырбастау,ірі ақша айналымының  пайда болуына ықпал етті. Отырар, Тараз, Испиджаб, Сығанақ және Ясыда ақша сарайлары болғаны белгілі. Алмату қаласында ХІІІ ғасырдың соңғы ширегінде қарқындаған ақша сарайы мен қала маңындағы базарларды күміс тиындармен қамтамасыз етті. Динарлар барлық ірі шаһарларда, Сығанақ пен Отырардың сарайларында соғылған, Сарайшықтағы қазба жұмыстары кезінде  Алтын Орда, Хорезм, Самарқанд, Иранда соғылған коптеген монеталар табылды Бұл кезінде іскер байланыстың болғанын айғақтаса керек.