• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Желтоқсан, 2019

Партия қандастарға қолдау көрсетеді

233 рет
көрсетілді

Nur Otan партиясы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар» қоры өзара түсіністік меморандумына қол қойды. Үшжақты меморандумға қол қоюдағы басты мақсат – дүниежүзіндегі қазақтарды тарихи отаны төңірегіне ұйыстыру ісіне қолдау көрсету, атажұрттан тыс жерде, басқа елде туып өсіп, елге оралған қандастарымызға көмек қолын созу.

Елбасы, Nur Otan партия­сының Төрағасы Нұрсұлтан Назар­баев Дүниежүзі қазақ­­тарының кезекті құрылтай­ларының бірінде: «Шетелдегі қазақтардың елге жиі келіп, туған жерімен байланыстарын нығайтып отырғаны дұрыс. Қай елде тұрсаңыздар да, әрдайым Қазақстанды жүректеріңіздің төрінде ұстаңыздар. Қазақтың тарихи Отаны біреу-ақ. Ол – Қазақстан», деген еді.

Осы орайда, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек шет елдердегі және Қазақстанға кел­ген этностық қазақтарды қол­дауға бағытталған еліміздің стра­тегиялық жоспарларын жү­зеге асыру жұмыстарына атса­лысуға партияның әрқашан әзір екенін жеткізді. Сондай-ақ ол елі­міз тәуелсіздік алғалы бері Ел­ба­сының бастамасымен та­рихи Отанына 1 мил­лионнан астам қазақ қайтып орал­ғанын, соның арқасында ұл­ты­мыздың демографиялық жағ­дайы қан­дастарымыздың үлесі есе­бінен жақсарғаны туралы айтты.

Ал «Отандастар» қорының прези­денті Нұртай Әбіқаев қор құрылған күннен бастап осы күнге дейін атқарыл­ған жұ­мыстарға жан-жақты тоқталып, бірлескен меморандумның ма­ңыз­дылығын атап көрсетсе,  Дүние­жүзі қазақтарының қауым­дастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрыс­беков алдағы уақытта үш­жақты меморандумның негізін­де жас­тармен, медиа және бас­қа да салаларда бірлескен жұ­мы­с­тар атқарылатынын сөз етті.

Айта кетейік, 1989 жылғы мәлі­­мет бойынша, еліміздегі қазақ­­тардың саны 6,5 миллион адам болса, яғни жалпы Қазақ­стандағы халық санының 39%-ын құраса, қазір бұл көрсеткіш 70%-ға жетті. Қазақ тілінің қол­дану аясы бұрынғымен салыс­тыр­ғанда айтарлықтай кеңейді.