• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Желтоқсан, 2019

Qaganat желісінің бас аспазы – балалар үйлерін 2 ай бойы дәмді ас дайындауға баулыды

471 рет
көрсетілді

Біздің қоғам дәл қасымызда ата-аналарының аялы алақаны мен тәрбиесін көре алмай өсіп келе жатқан буынның да бар екенін ұмытпауға ұмтылып келеді. Бір қуанарлығы, бүгінгі таңда осы бағыттағы бастамалар легі көбейді. Мәселен, Qaganat желісінің бренд-шефі екі ай бойы балалар үйі мен мектеп-интернаттың жоғары сынып оқушыларын кәсіпқойлық тұрғыда дәмді ас дайындауға баулыды.

Осылайша, Qaganat қоғамдық та­мақтану желісі мен «АЯЛА» қайы­рымдылық қоры аспаздық шеберліктің екі айлық курсы арқылы Алматы облыстық №1 балалар үйі мен облыстық №15 мектеп-интернаты оқушыларын өмірге құлшындырған сәттерге бөледі.

«АЯЛА» қорымен бірге балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың оқушыларын аспаздық өнерге баулу жобасына қатысқанымызға өте қуа­ныштымын. «АЯЛА» қоры – біздің байырғы серіктесіміз, сондықтан оның сараптамаларына сенемін. Егер біздің бағдарламаның түлектері кәсіпқой маман атанып, қоғамдық тамақтану саласында еңбек ететін болса, мен бақытты болар едім», дейді Qagаnat желісінің бас директоры Чинара Бугимбаева.

Міне, осылайша бренд-шеф Марат Галеев 9-11 сынып оқушылары үшін 8 аспаздық дәрісін өткізді. Шеф-аспаздың шеберлік дәрістері балалар үшін 2,5-3 сағат бойы қызықты және түсінікті өтті. Марат Галеев аспаздық курстарда балалар аса қиындықсыз өз бетінше дайындай алатын тағамдарды таңдаған. Әрине, жасөспірімдер ұстаздың жетек­шілігімен өздері жақсы көретін тағам­дарды қоса әзірлеуді үйреніп отыр.

Аспаздық дәрістер мәреге жеткен кезде №15 мектеп-интернаттың жоғары сынып оқушылары БАҚ өкілдерімен, «АЯЛА» қорының қызметкерлерімен және Марат Галеевпен бірге фуршет тағамдарын дайындады. Балалар үшін бұл да үлкен мәртебе болды. Әдет­тегідей бренд-шеф дәмді әрі пайдалы тамақ­тың дұрыс және тез әзірленуін көрсетіп қана қоймай, фуршеттік мә­зірдің қыр-сырына қанықтырды. Ше­берлік сабағы аяқталғаннан кейін балалар аспаздық курстарын аяқтағаны туралы сертификаттар алды.

Осы бастама арқылы Алматы об­лыстық балалар үйі мен мектеп-ин­тернаттың бірнеше жасөспірімі болашақта кәсіби аспаз болуды және осы бағытта білім алуды жалғастыруға шешім қабылдапты. Жоба аяқталғаннан кейін Qaganat облыстық балалар үйінің екі баласын білімін жетілдіруге көмектесуге дайын екендігін білдірді.  

«АЯЛА» қоры «Кәсіби бағдарлау» жобасын 6 жыл бойы іске асырып келеді. «Біз балалар үйлері мен мек­теп-интернаттардың балаларына болашақта нақты қандай кәсіп иесі болғысын келетінін түсінуге көмек­тесеміз. Сондықтан олар үшін ұйым­дастырылатын курстар мен сабақ­тар тәжірибе жүзіндегі дағды арқы­лы болашақ жұмысын түсінуге бағыт­талған», деді «АЯЛА» қорының пре­зиденті Айдан Сүлейменова.

 

АЛМАТЫ