• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Желтоқсан, 2019

Алматы облысында алқа жұтқан сәби аман қалды

341 рет
көрсетілді

Осыдан 4-5 күн бұрын Іле аудандық ауруханасына 9 айлық сәбидің ата-анасы шағымданып, баланың жағдайы ауырлап бара жатқанын айтады. Дәрігерлердің алғашқы тексеруі нәтиже бермегеннен кейін сәбиді Өтеген батыр кентіндегі аймақтық балалар ауруханасына жөнелтеді.

Білікті мамандардың толық тексеруінен кейін сәбидің ішкі құрылысында кінәрат бары анықталады. Шырылдап жылаған бала да сүйрік саусағымен ішін бүріп ұстай берген екен. Рентген қорытындысы асқазанда бөгде заттың жабысып тұрғанын көрсетті. Дәрігерлер дереу ота жасауға шешім қабылдайды.

Бірнеше сағатқа созылған отадан кейін хирургтар сәбидің асқазанынан темір алқаның әшекейін алып шықты. Балақай оны шамамен 11 күн бұрын жұтып қойған екен. Қазір 9 айлық сәби дәрігердің бақылауында, денсаулығы оңалып келеді.

Айтпақшы, осыдан екі ай бұрын Өтеген батыр кентінде орналасқан аймақтық балалар ауруханасының хирургтары 8 жастағы қыз баланың асқазанына ота жасап, 1 жарым килограмм шаш алып шыққан болатын.

 

Алматы облысы