• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Желтоқсан, 2019

Мереке қарсаңындағы мерейлі сәт

201 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Nur Otan партиясының Орталық аппаратында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, жемісті қоғамдық қызметі үшін партияның белсенді мүшелері мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды.

Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек марапатталғандардың арасында Қарағанды облысындағы шалғай жатқан Тікенекті ауылының 82 жастағы тұрғыны Миниагзам Авляримовты ерекше атап өтті.

Жарты ғасырдай ДТ-75 тракторын тізгіндеген қария, ауыл тұрғындарына күн сайын көмек қолын созуға әзір. Жазда барлық мұқтаж ауылдастарына қысқы мал азығын жинауға, шөп шабуға жәрдемдеседі. Өзен­дегі судың деңгейін бақылап, бөгет­тердің бұзылмауын қадағалап жүреді. Ал қыста ауыл халқы 300 шақырымнан асатын қашық­тықтағы аудан орталығына қи­нал­май жетуі үшін жолдарды қар­дан тазартады. Осының барлы­ғын ақсақал тегін жасайды. Ешкім­нен, ешқандай ақы алған емес. Осындай істері үшін ауыл балалары оны «Сарыөзендік супермен» деп атап кетті.

Қария туралы жаңалықтардан естіп, білген ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сарыөзендік супер­менді» «Шапағат» мем­ле­­- кет­тік медалімен марапаттауды арнайы тапсырды.

«Күш-жігерім бар кезде жұ­мыс істей беремін. Отаның мен халықтың игілігі үшін талмай ең­бек етсең, күш-қуатың да сарқыл­майды. Осыдан 60 жыл бұрын Сарыөзен кеңшарына тракторшы болып жұмысқа орналас­тым, қазір бұл ауыл Тіке­некті деп аталады. Осы ауыл­да отбасын құрып, бес бала тәрбиелеп өсір­дім. Өзімнің DT-75 тракторымды «Дос-Темір» деп атаймын. Бұл «темір дос» дегенді білдіреді. Өмі­рімді тракторсыз мүлдем елес­тете де алмаймын. Оның мото­рының дауысы маған жүрек қағысы секілді естіледі. Ешқашан атаққа ұмтылып, ешкімнен марапат сұрап көрмеппін. Бар ойым, адал еңбек жолыммен жастарға үлгі бола алсам екен деймін», дейді Миниагзам ата.

Салтанатты рәсім барысында ел Президентінің атынан «Құр­мет» орденімен «Болашақ» корпо­ративтік қорының төрайымы Динара Шайжүнісова марапатталды. «Кедергісіз келешек» партия­лық жобасының аясында қор еліміздің барлық 17 аймағында инклюзивті білім берудің 43 кабинетін ашты. Инклюзия саласына бейімделген 420 арнайы жұмыс орны ашылды. Ерекше қажеттілігі бар балалардың құқықтарын қорғау мақсатында, тек «Болашақ» қорының мүшелері заңнамалық актілерге инклюзивті білім беруді дамыту мәселелері бойынша 60-тан астам сапалы ұсыныс пен түзету енгізді.

«Қассиетті жол» қоғамдық қорының негізін қалаушы Динара За­киева да «Құрмет» орденіне лайық деп танылды. Ол басқара­тын ұйым сал ауруына шалдыққан балаларға қолдау көрсетуге қатыс­ты бірқатар сәтті жобаны жү­зеге асырды. «Бақытты отба­сы» және «Кедергісіз келешек» пар­тиялық жобалары аясында көп­ балалы отбасылар мен ерекше қажеттілігі бар жандарға бірлес­кен қолдау көрсетіліп келеді.

«Ерен еңбегі үшін» мемле­кет­тік медалі «ДОС» Тәуелсіз өмір ор­талығы» мүгедектер қауым­дас­тығы директорының орынбасары Ардақ Оторбаевқа табысталды. Бірнеше ай бұрын ол арбасындағы би халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алған еді.