• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Желтоқсан, 2019

Kaspi.kz инновациялық компаниясының көкжиегі

769 рет
көрсетілді

Мемлекет Қазақстанның цифр­лы экономикасын дамыту үшін көп іс атқаруда. Даму бағдарлама­лары қабылданып, компанияларды ынталандырып отыр. Енді цифрландырудың табысты болуы жеке кәсіпкерлердің осы мүм­кіндіктерді жүзеге асыруына бай­ланысты. Әлемнің көптеген ел­дерінде инновация, инвестиция мен жаңа технологияларды дамыту бағы­тында өз елін алға жетелеген ком­паниялар бар.

Мысалы, Қытайда қолма-қол емес төлем, электрондық коммерция мен қар­жы қызметтерін дамытып отыр­ған тех­нологиялық гиганттар Alibaba мен Ten­cent-ті айтуға болады. Қазіргі кезде Қазақ­станда әлемдік дең­гейдегі инновация­лар жасала бастады. Отандық Kaspi.kz компаниясы қазақ­стан­дық­тардың күнделікті өміріне қолма-қол емес төлем мен электронды ком­мер­цияның өсуіне ықпал ететін ерекше қызметтерді енгізді. Қазақстандық Kaspi.kz-тің тәжірибесін қазір Гарвардта зерт­теуде. Бұл және бастамасы ғана.

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе жылда компанияның жаңа өнімдерін таныстырады. Бұлар миллиондаған қазақстандықтар арасында тез сұранысқа ие болып, мемлекеттің цифрлы экономикасына үлкен үлес қосатын серпінді жобалар.

Михаил Ломтадзе биыл қараша айында дәстүр бойынша инновациялық қызметтерді жұртшылыққа таныстырып, ком­панияның алдағы жылға арналған ауқымды жоспарымен қуантты. Басты жа­ңалығы – Kaspi.kz өз серіктестері – шағын және орта бизнесті қаржыландыра бастайды. Сонымен қатар Kaspi.kz қолма-қол емес экономикаға үлес қосуды жал­ғастырып, сүйікті клиенттеріне жаңа өнім­дерді ұсынады. Таныстырылымда Ми­хаил Ломтадзе жетістіктерге де тоқталды.

«Ресей мен басқа елдер Қазақстаннан үйренуі керек»

Аз ғана уақыт бұрын қазақстан­дық­тар жалақысын банкоматтан алып, күнделікті өмірде қолма-қол ақшаны пайдаланатын. 2016 жылдың қыркүйегінде ҚР-дағы карталық операциялар бойынша қолма-қолсыз төлемнің үлесі 14% ғана еді. 2019 жылдың қыркүйегінде бұл көрсеткіш 52%-ға жетті. Қазақстанның тарихында тұңғыш рет қолма-қол емес төлем үлесі қолма-қол ақшаны шешіп алу көлемінен асты.

«Қолма-қолсыз төлем бойынша Ресей және басқа да елдерге Қазақстаннан үйрену керек, – деді Михаил Ломтадзе, – Ресейде биыл қолма-қолсыз төлем өсімі 25%-ды құрады және төмендеуде. Бізде өсім – 120% және әрі қарай өсуде. Бұған қолма-қол экономиканы қолма-қолсызға айналдыруға мүмкіндік беретін, нарыққа ыңғайлы және тиімді өнімдердің жасалуы себеп. Біз Қазақстандағы инно­ва­­ция­лық сервистердің дамуына қол­дан келгенше үлес қосудамыз және қолма-қол емес төлемдердің өсетініне сенімдіміз».

6 миллион қазақстандықтың сүйікті сервистері

Kaspi.kz инновациялық экожүйесінің негізі – ерекше мобильді қосымша. Әлемде бір брендтің аясында түрлі қыз­меттердің басын қосып, дамытып отыр­ған мұндай қосымша жоқ. Оның көмегімен төлем жасап, ақша аударып, жеке қаражатты басқарып және бонус алуға болады. Қосымшаны белсенді түрде 6 миллион адам қолданады – бұл әрбір үшінші қазақстандық немесе елдегі орта жастан асқандардың басым бөлігі.

Халық арасында танымал, қолма-қолсыз төлем мен сатып алуды ыңғайлы, тиімді жасаған сүйікті өнімдерінің бірі – Kaspi Gold картасы. Бұл картаны 4,5 млн қазақстандық қолданады. Kaspi Gold-тың айналасында көптеген тиімді сервистер жинақталған. Мысалы, жылдам аударым, комиссиясыз төлем, қолма-қол емес сатып алу және тиімді бонустар. Бұл сервистердің көпшілігі тікелей Kaspi.kz ұялы қосымшасы арқылы жүзеге асады. Kaspi Gold – Kaspi.kz ұялы қосымшасы арқылы қазіргі кезде елдегі қолма-қол емес төлемнің негізгі жетекші күші болып отыр.

Kaspi Gold картасы – 60 секундта

Kaspi Gold картасының бұған дейінгі ерекшеліктерінің бірі – Kaspi.kz-тің кез-келген бөлімшесінде 15-ақ минутта алу мүмкіндігі еді. Мұндай қызмет тек Қазақстан ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде жоқ. Алайда Kaspi.kz мұнымен тоқтамайды. 2020 жылдың ақпан айынан бастап Kaspi.kz клиенттері Kaspi Gold картасын Kaspi Картомат аталған арнайы құрылғыдан 60-ақ секундта басып шығара алады. Бұл Kaspi.kz командасы Қазақстанда жасап шығарған әлемде баламасы жоқ жаңа өнім.

Kaspi Gold-ты 60 секундта алу үшін Kaspi.kz қосымшасында өтінім беру керек. Тұлғаны тануға арналған Kaspi ID технологиясы қашықтан жеке тұлғаны растап, бөлімшеге бармастан барлық құжатқа электронды қол қоюға мүмкіндік береді. Бұдан кейін қолданушы қосымша арқылы Kaspi QR алып, Kaspi Картоматта тіркеледі, карта 60 секундта көз алдыңызда басылып шығады.

 9000-нан астам қазақстандық компания Kaspi.kz-пен бірге дамиды

Компания қызметіндегі маңызды бағыттың бірі – серіктестік экожүйе. «Біз серіктестерімізге сату көлемін арттырып, бизнесін дамытып, қосымша табыс алуға, жаңа жұмыс орнын ашып, ел экономикасының дамуына үлес қосуға көмектесеміз. Қазіргі кезде біздің 9000-нан астам серіктесіміз бар. Kaspi.kz әр ай сайын экономиканың әр саласынан жаңа серіктестерді қосып отырады. Бұлар супермаркеттер, мейрамханалар, туристік агенттіктер, электроника дүкендері, жиһаз, құрылыс материалдары, спорт тауарлары, автотауарлар және басқалары. Біздің серіктестеріміздің Kaspi.kz арқылы соңғы 12 айдағы сату көлемі 600 млрд теңгені құрады», – дейді Михаил Ломтадзе.

Сату көлемінің артуына дәстүрлі бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі – Kaspi Жұма да үлес қосуда. Өткен жылдың қараша айында Kaspi Жұма кезінде 13 млрд теңгенің заты сатылған. Биыл Kaspi Жұма бесінші рет өтті, сату көлемі 59 млрд теңгеге жетті. Сату мерекесіне компанияның 2000 серіктесі қатысты. Жаңа қызметтерді таныстыру кезінде олардың ең үздіктері арнайы марапатқа ие болды.

Kaspi Жұма нәтижесі бойынша «Ең ірі бизнес» санатында Sulpak желісі үздік нәтиже көрсеткен. «Орта бизнес» санаты бойынша Mebels.kz, «Шағын бизнес» аталымында Happy Travel туристік агенттігі үздік деп танылды. Ал KIMEX Grazie компаниясы «Үздік жаңа серіктес» аталымында жеңімпаз ретінде арнайы сыйлық алды.

Барлық серіктестер ерекше Kaspi POS-ты тегін алады

Kaspi.kz командасы серіктестері үшін қолма-қол емес төлемді қабылдауға ар­налған заманауи Kaspi POS терминалын жасап шығарды. Құны 100 000 теңгелік құрылғыны серіктестер тегін алады. Терминал Kaspi.kz ұялы қосымшасымен толықтай ықпалдастырылып, Kaspi QR технологиясымен жабдықталған. Төлем үшін карта қажет емес. Смартфонды терминалға жақындатып, Kaspi QR-ды сканерлеу жеткілікті.

Желтоқсан айында Kaspi Gold төле­мін картасыз Kaspi QR арқылы төлеу мүм­кін­дігі пайда болады. «Біз QR-тө­лем­дер моб­ильді төлем нарығын дамы­туға ық­пал ететін ыңғайлы құрал болары­на сенім­діміз. Сондықтан Kaspi Gold төле­мін Kaspi QR арқылы қабылдаған серік­тес­терімізге терминалды қолдану комиссия­сын стандартты 2,3%-дан 1,69%-ға тө­мен­­детеміз. Клиент­тер мұндай төлем ар­қы­лы картамен төлегендей бонус алады», – дейді Михаил Ломтадзе. Ол серік­тестеріне төлемді Kaspi QR арқылы қа­былдап, қаражатын үнемдеуге шақырды.

Kaspi.kz серіктестеріне – 1 млрд теңгеге дейін кепілсіз кредит

Михаил Ломтадзенің басты жаңа­лығы – Kaspi.kz шағын және орта биз­несті несиелеу нарығына Бизнес Кредит өнімін ұсынады. Енді компания серіктестерінде айналым капиталын, тау­­ар сатып алу мен бизнесті да­мы­ту үшін қаржы алуға мүмкіндік бар. Несие сомасы кәсіпкердің Kaspi.kz арқылы соңғы алты айдағы сатылым көлемінің 20% дейін. Бизнес Кредиттің шекті сомасы – кепілсіз, 1 млрд теңге. Kaspi.kz арқылы сатылым көлемі жоғары болса, кредит көлемі де жоғары. Кредиттеу мерзімі – 6 ай, бұл мерзімге артық төлем – 8,9%, займды қарастыру үшін ешқандай комиссия алынбайды. Кәсіпкерлер үшін тағы бір маңыздысы – несиені мерзімінен бұрын, айыппұлсыз, комиссиясыз төлеуге болады. Серіктестерге кредитті төлеу туралы уайымдаудың қажеті жоқ: төлем Kaspi.kz арқылы күн­делікті сатылым мен айналымнан автоматты түрде алынады.

«Қазақстанда сапалы кредит алушылар жоқ дегенді жиі естиміз. Біз бұған сенбейміз, – деді Михаил Ломтадзе Kaspi.kz-тің серіктестері жиналған таныстырылым кезінде, – Елімізде командасы мықты, өсіп, дамып жатқан отандық компаниялар көп. Осы жерде отырғандардың әрқайсысы соның жар­қын мысалы. Біз жаңа өнімнің көме­гімен, сіздермен бірге мұны дәлел­деп, мемлекеттің дамуына үлес қоса аламыз. Сондықтан біз келесі жылды бизнесті, біздің серіктестеріміз бен шағын және орта бизнесті дамыту жылы деп жариялай­мыз», – деп хабарлады Kaspi.kz басшысы.

 Қазақстандық тәжірибені Гарвардта оқуда

Kaspi.kz кейсі табысты болғаны соншалық оны Гарвард бизнес мектебінде студенттерге оқыта бастады.

«Біздің елімізге Гарвард профессорлары келіп, компанияны зерттеп, Қазақстанмен танысты, – дейді Михаил Ломтадзе. Нәтижесінде әлемнің жетек­ші университеті – Гарвард бизнес мек­тебінде қазақстандық Kaspi.kz компа­ниясы туралы кейс пайда болды. Қазір бұл бағдарламаны екінші курста оқы­тады. Біздің команда бірінші сабаққа шақы­рылды, бұл біз үшін Қазақстан мен Қазақ­станда жасалған Kaspi.kz иннова­циялық компаниясы туралы айтуға тамаша мүмкіндік болды. 180 сту­дентпен кездестік, олар әлемдегі бола­шағы жарқын, ең ақылды адамдар. Бізді Гарвардта білім алушылардың Қазақстан мен Kaspi.kz туралы білетіні қуантады».

Kaspi.kz шикізаттық емес, жоғары технологиялы экономиканы дамытуға то­лық мүмкіндік барын көрсетеді. Kaspi.kz-тің жаңа қызметтерінің тиімділігі ту­ралы Михаил Ломтадзе келесі жылы да жан-жақты айтып беруге уәде берді.