• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Желтоқсан, 2019

Елордалық АNTIKOR ORTALYǴY іске қосылды

163 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің сервистік ANTIKOR ORTALYǴY және әкімшілік ғимараты ашылады.

Аталған департамент еліміздегі құқық қорғау қызметтерінің ішіндегі ең алғашқы болып толығымен Open space форматына көшкен орган. Ең маңыздысы, департаменттің жеке құрамы толықтай әйнек кабинеттерге көшкен.

Жұмыстың жаңа форматының таныс­тырылымына Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен елорда әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Шара барысында сервистік орта­лық­тың ғимараты, арнайы кон­сульта­циялы-кеңес беру бөлмелері, «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бөлмесі, баспасөз орталығы көрсетілді.

«Астана – адалдық алаңы» жобасы­ның менеджері Ш.Исмаилов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сервистік орталығында жобаның тікелей эфирінің кабинет-студиясын ашқанын, енді барлық іс-шаралар интернет пайдаланушыларына тез әрі сапалы түрде таратылатынын айтты.

Нұр-Сұлтан қалалық департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева атап өткендей, Open Space технологиясын қолдану мемлекеттік органдардың азаматтар үшін ашықтығына, жариялылығына және қол жетімділігіне тағы бір қадам болып табылады.

Елордалық арнайы мониторингтік топтың мүшесі Марат Сатарқұлов іс жүзінде «Ашық бюджеттердің интер­активті картасының» артықшы­лығын және бюджет қаражатының жұмсалуын қоғамдық бақылау мүмкін­дігін көрсетті. Сондай-ақ мониторинг барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты мысалдар келтірді.

Өз кезегінде Алик Шпекбаев: «ANTIKOR ORTALYǴY» азамат­тардың әр сұрағына жайлы, жедел әрі тиянақты жауап алатын орталығына айналмақ. Бүгінде Қазақстанда 5 сервис орталығы ашылды, олар ашықтық пен сервистің ведомстволық саясатын көрсетеді», деді.