Елорданың «Астана» футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі соңғы ойынын Белградта жергілікті «Партизан» командасына қарсы өткізіп, 4:1 есебімен жеңіліп қалды. Бұл «Астана» үшін осы маусымдағы соңғы ойын болатын.
Кездесудің бірінші таймында «Партизан» командасынан Сума Сейдуба, Умар Садик, Такума Асано мергендігімен көзге түссе. Екінші таймда Умар Садик дубль авторы атанып, ойынның нүктесін қойды. Ал «Астана» сапынан Дорин Ротариу алаң иелерінің 4 голына 1 голмен жауап қатты. Осылайша, елорда командасы биылғы Еуромаусымды жеңіспен бастап, жеңіліспен аяқтады. Естеріңізде болса, «Астана» шілде айында Румынияның ЧФР Клуж командасын 1:0 есебімен жеңіп, Еурододаны сәтті бастаған болатын.
Топтық кезеңде алты ойын өткізген «Астана» бес ойында қарсыластарына есе жіберіп, небары бір-ақ ойында жеңіске жетті. Үш ұпай жинаған жерлестеріміз топта ең соңғы орынды иеленді. Ал «Манчестер Юнайтед» пен АЗ командасы бірінші және екінші орынмен Еуропа лигасының 1/16 кезеңіне шықса, үшінші орын алған «Партизан» мен «Астана» Еуропадағы жорығын аяқтады.