Тәуелсіздіктің тал бесігі Алматының еңбеккер халқы бұл күні төл мерекеміздің құрметіне түрлі марапаттарға ие болды.Еліміздің Тәуелсіздігі күні баршамыз үшін қасиетті де қастерлі мереке.
Мерейлі мереке қарсаңында Қазақ елінің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Мәнгілік елге қадам басқан мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан, тәуелсіздікті түйсінген, бүкіл қажыр қайратымен аянбай еңбек еткен қазақстандықтардың еңбегін елеп, мемлекеттік наградалармен марапаттады.Еңбектері еленіп, зор құрметке бөленгендердің арасында Қазақстанның Халық артисі Роза Рымбаева да бар.Ол Президент жарлығымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды. Кеше Тәуелсіздігіміздің бесігі болған шаһарда салтанатты жиын болды.Сол жиында қаланың 2020 – 2022 жылдарға арналған бюджеті бекітілді.Тұңғыш Президентіміз тұжырымдағандай, «Бұл – азаттық үшін алысқан мың-мыңдағаназаматтардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл өзгелерге қиянат жасауды білмеген халықтың пейілінің қайтарымы». Қазақ өнерінің мақтанышы Майра Мұхамедқызы, талантты жасорындаушылар Әли Оқапов, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас, Данелия Төлешова, «Жігіттер»,, «Ринго», «Кешью топтары әсем әндерімен Тәуелсіздік тойының мерейін биіктетті.Бұл мерейлі мереке күнгі Тәуелсіздік ескерткіне жиналған жұртшылық «Мен Қазақпын» әніне бір дауыста әннің қайырымын орындап, музыкалық ролик таспалап алды.
Алматы.