• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Басылым басшылары 17 Желтоқсан, 2019

Басылым басшылары - Жанайдар СӘДУАҚАСОВ (06.1936-09.1936)

907 рет
көрсетілді

Ж.Сәдуақасов Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданында туған. Ауылда сауатын ашып, хат таныған. Сонан кейiн өз бетiмен талпынып түрлi оқу орындарында оқыған. 1919 жылы қазақ жастары демократиялық кеңесiнiң Омбыдағы ұйымын құруға белсене атсалысады. 1920 жылы большевиктiк партиясына кiредi.

1919-1922 жылдары Ақмола уезi мен губерниясында жауапты қызметтер атқарады. 1922-1928 жылдары қырғыз ОАК-нiң жауапты хатшысы, Адай уездiк революциялық комитетiнiң төрағасы, ҚАССР қаржы халық комиссариатының орынбасары, Сырдария губерниялық атқару комитетiнiң төрағасы болады.

1928-1929 жылдары әдiлет халық комиссары, республика прокуроры болып iстейдi. Ал 1929-1936 жылдары БК(б)П қазақ өлкелiк комитетiнiң бөлiм меңгерушiсi, хатшысы қызметтерiн атқарады.

Қазақ өлкелiк комитетi секретариатының 1930 жылғы 14 желтоқсандағы шешiмi бойынша Жанайдар Сәдуақасов “Қазақстан большевигi” (“Ақи­қат”) журналының редакторы болып бекiтiледi. 1936 жылдың сәуiрiнен қыркүйегiне дейiн “Социалистiк Қазақстан” газетiнiң жауапты редакторы болады.

1936-1937 жылдары ҚССР Халық комиссарлары кеңесi төрағасының орынбасары, Алматы облыстық партия комитетiнiң хатшысы болып iстедi.

Ж.Сәдуақасов 1938 жылы репрессияға ұшырады. 1957 жылы ақталды.