Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.