Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК басшысы мен осы кәсіпорынның бас есепшісі пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.
- Олар алдын ала сөз байласып, Жамбыл облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім-шартқа сыйақы ретінде кәсіпкерден 6 млн 625 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Биылғы жылдың 17 желтоқсанына аталған тұлғалар ұсталып, Алматы қаласы ІІД УҰИ-ына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілерге қатысты олардың кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады, - делінген хабарламада.