Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тимур Серікұлы Тоқтабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.
Т. Тоқтабаев 1981 жылы дүниеге келген, 2011 жылдан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылымында жұмыс істеген.
Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары, директоры (2011-2016 жж.), этика жөніндегі уәкілетті өкіл (2016 ж.), вице-министр (2016-2019 жж.) қызметтерін атқарған. Оған дейін «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ-да, Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде, «Қазгеоинформ» геологиялық мәліметтер орталығында және т.б. қызмет еткен.