• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Желтоқсан, 2019

1000 адам жеңілдетілген әлеуметтік қызмет алды

446 рет
көрсетілді

Мыңдаған ақтөбеліктер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазпочта» АҚ және Ақтөбе қаласының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асыратын «Азаматтың әлеуметтік картасы» жобасы бойынша жеңілдетілген әлеуметтік қызметтер алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі күні әлеуметтік карталар 25 мыңнан астам қала тұрғынына, оның ішінде мектеп оқушыларына берілді. Олар әлеуметтік төлемдер алуға, қоғамдық көліктерде жол жүру және мектепте тамақтану ақысын төлеуге арналған. Төлем кезінде иесінің жеңілдік санаты ескеріледі.

Сонымен қатар жобаны іске асыру кезеңінде карта ұстаушылары 16 мыңнан астам транзакция жасады. Бұл ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру, қоғамдық көлікте жүру, мектептерде тамақтану және басқа да төлемдер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу.

Естеріңізге сала кетейік, «Азаматтың әлеуметтік картасы» жобасы пилоттық режимде 2019 жылы 1 шілдеде Ақтөбе қаласында іске қосылды. Одан әрі жобаны кең ауқымда Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында бастады.