• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Желтоқсан, 2019

АХАТ саласындағы заңнамалық жаңалықтар

1313 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президенті тарапынан көтеріліп, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мем­л­е­кет­тік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лық­ты­рулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қо­йылды.

Азаматтық хал актілерін тіркеу са­ла­­­сындағы мемлекеттік қызметтерді оң­­тай­­ландыру мақсатында «Неке (ерлі-за­йып­­тылық) және отбасы туралы» Ко­дек­­стің (бұдан әрі – Кодекс) 50-ден астам ба­бына өзгерістер енгізілді.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін аза­­маттық хал актілерін тіркеудің бар­лық түрін тіркеу, қайталама куә­лік­тер мен анықтамалар алу бойынша эксау­мақтық қағидат енгізілді. Енді қайта­ла­­ма туу туралы куәлік қа­жет болған жағ­­дайда азамат қай ай­мақ­та туғанына қара­мастан, кез келген тір­кеу­ші органға ба­рып, қайталама туу ту­ра­­лы куәлігін ала алады.

Ата-ана­­лардың­­ таң­дауы бо­­йын­ша смс-хабар­лама арқылы тууды проактивті жолмен тіркеуге болады.

Анасының жеке басын куә­лан­ды­ра­тын құжатының болмауына қара­мас­тан, баланың тууын тіркеу және туу туралы куәлік беру мүмкіндігі қара­с­ты­рыл­ған. Осы орайда, балаларда туған кезі­нен бастап азаматтықтың болмауы мәсе­­лесі шешіледі.

Сонымен қатар дефис арқылы қо­сар­­ланған есімдер мен әкесінің атын жазу мүмкіншілігі қарастырылған. Мы­салы: егер әкесінің аты Әли-Асқар болса, баланың әкесінің атын Али-Ас­ка­­­рович немесе Әли-Асқарұлы деп көр­­се­туге болады.

Бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және сол мемлекеттің туу туралы куәлігі болған жағдайда ту­уын тіркеуге негіз болатын құжат­тар­­дың тізімі кеңейтілді.

Мысалы, балаға Өзбекстан Рес­пуб­ли­­касында туған жері бойынша туу ту­ралы куәлігі берілген болса, жаңа тү­­зе­тулерге сәйкес нақты туған жері көр­­­сетілген қазақстандық үлгідегі туу ту­­­ралы куәлікті баланың ата-анасы тір­кеу­­ші органнан алуына болады.

Аталған новелла ата-аналарға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ке­зекке тұру, денсаулық сақтау ұйым­да­рына тіркелу, жәрдемақы алу, қарыз жүк­темесін алып тастау және т.б. мем­ле­кет­тік қызметтерді электронды түрде алу­ға мүмкіндік береді.

Азаматтық хал актілерін тіркеудің кей­бір түрлері олардың автоматтанды­ры­луына байланысты алынып тасталды.

Екі куәліктің: асырап алу немесе әке болуды анықтау және туу туралы куә­лік­тің орнына тіркеуші орган бала­ның жеке және ата-анасы туралы мәлімет­тері көрсетілген туу туралы куәлік қана береді.

Сот шешімі негізінде неке бұ­зу­ды тіркеу тәртібі автоматтандырыл­ды. Аталған мәліметтер Әділет минис­тр­лі­гінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі және неке қию туралы акт жазбасына некенің бұзылғандығы туралы белгі қойылады.

Азаматтардың мемлекеттік орган­дар­дың ақпараттық жүйелерінен алуға болатын құжаттарды (сот шешімдері, медициналық анықтамалар, Қазақстан Республикасында тіркелген актілер туралы ақпарат және т.б.) мемлекеттік органдарға ұсыну қажеттілігі жо­йылды.

Жоғарыда аталған барлық новеллалар азаматтардың уақыт және қаражат шы­ғындарын қысқарту, сонымен қатар мем­лекеттік қызмет көрсету процесін цифр­лы форматқа көшіру мүмкіндігін береді.