• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Парламент 19 Желтоқсан, 2019

Энергетика министрінің кандидатурасымен келісті

102 рет
көрсетілді

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысы өтіп, депутаттар Энергетика министрі лауазымына тағайындау үшін Нұрлан Ноғаевтың кандидатурасын келісті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Бұл мәселе «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Парламенті және оның депутаттарының мәрте­бесі туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Конституциялық заңы­ның 22-1-бабына сәйкес комитет отырысында қаралды.

Талқылаудан кейін Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасы Энергетика министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болатындығы туралы қорытынды қабылданды.