• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 20 Желтоқсан, 2019

Қаңтарда жекпе-жек өткізеді

549 рет
көрсетілді

Жартылай орта салмақта жұдырық­тасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (17-0, 13 КО) келесі жекпе-жегінің мерзімі белгілі болды.

BoxRec мәліметінше, WBA Continental және IBF Inter-Continental белдігінің иегері Жүкембаев шаршы алаңға 2020 жылдың 25 қаңтарында оралады. Бокс кеші Канаданың Монреаль қаласын өтеді. Қарсылас әзірге белгісіз.

Отандасымыз соңғы жекпе-жегін осы жылдың қыркүйек айында өткізіп, әлемнің экс-чемпионы, орта салмақтағы әйгілі мек­сикалық Сауль Алварестің қарсыласы бол­ған Мигель Васкесті (41-8, 15 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді. Сондай-ақ сол айқаста қандасымыз WBA Continental және IBF Inter-Continental титулын иеленген-ді.