• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Футбол 20 Желтоқсан, 2019

Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды

412 рет
көрсетілді

Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шыққан командалардың жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе қорытындысы бойынша, «Боруссия» (Дортмунд, Германия) – ПСЖ (Франция), «Реал» (Испания) – «Манчестер Сити» (Англия), «Аталанта» (Италия) – «Валенсия» (Испания), «Атлетико» (Ис­пания) – «Ливерпуль» (Англия), «Челси» (Англия) – «Бавария» (Германия), «Лион» (Франция) – «Ювентус» (Италия), «Тоттенхэм» (Англия) – «РБ Лейпциг» (Гер­мания) және «Наполи» (Италия) – «Бар­селона» (Испания) командалары ширек финалдың жолдамасын сарапқа салады.

1/8 финалда бір топта ойнаған және бір лигада бақ сынайтын командалар бір-бірімен кездеспейді. Сондай-ақ Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде бірінші мәрте ТОП-5 чем­пио­наттың клубтары ғана қатысуда. Плей-офф сатысының бірін­ші ойыны 18, 19, 25 және 26 ақпан күндері, қарымта матч 10, 11, 17 және 18 наурызға жоспарланған. Матчтар Нұр-Сұлтан уақытымен 02:00-де өтеді.