Алматы облысының орталығында жаңа жыл мерекесіне орай безендіру жұмысы басталды. Биыл қаланы көз жауын алатындай етіп әрлеуге «Наружная реклама» серіктестігі жұмылдыруда.
Талдықорғанның жаңа жылдық келбетін талапқа сай дайындауға жергілікті бюджеттен 24 500 000 теңге қаржы бөлінген. Безендіру жұмыстары 21 желтоқсан күні аяқталып, қала мерекеге сақадай - сай болуы тиіс.
Айтпақшы, биыл қаланың 3 ауданында жаңа жылдық шырша орнатылады. Негізі мереке орталық алаңда тойланатын болғандықтан, облыс әкімдігі алдына үлкен шырша құрылды. Шыршаның құны - 9 109 004,80 теңге. Тағы бір шырша Қартал жағалауындағы демалыс аумағына құрылмақ. Бұған жұмсалатын шығын - 1 817 515 теңге шамасында. Ал «Жастар» паркіне құрылған жаңа жылдық шырша да қала бюджетіне 2 182 388, 32 теңгеге түсіп отыр. Шыршаларды орнату, безендіру жұмысымен «Виктория» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысуда.
Алматы облысы