• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әдебиет 21 Желтоқсан, 2019

«Арпалыс» кітабы қайта басылды

1397 рет
көрсетілді

Орыс жазушысы Александр Бектің таңдаулышығармасының басты кейіпкері – қазақ халқыныңдаңқты ұлы Бауыржан Момышұлы. Осы шығармада аты аңызға айналған қолбасшыныңұлттық мінезі мен қаһармандық іс-әрекеті тереңашылып, көркем шешімін тапқан. Оқырманға қайтажол тартқан туындының тұсауын Қазақстанныңхалық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтыңлауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісов кесті.

Оқырман мен кейіпкер арасындағы байланыстың  санада қайта жаңғыруына себепкер болған бас қосу «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы шеңберінде өтті.     

«Күні бүгінге дейін оқылып келе жатыр. Соған қарағанда бір жағынан бұл – бақытты кітап. Тәрбиелік мәні өте зор: отан қорғаушылық, елін, жерін сүюге арналған. Содай кейін ер азаматтың мінезін  қалыптастыруда, оның еліне, жеріне деген, еліне ие болатын, халқына қорған болатын азаматты тәрбиелеуде рөлі өте зор деп ойлаймын», - деді Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова.

Сол кезде бұл кітап дүниежүзіне кең тараған көркем дүниелердің бірі еді. Шығарма соғыстан кейінгі аз ғана уақыттың ішінде чех, грек, француз, неміс, поляк, венгр, фин, румын, корей, және ағылшын тілдеріне аударылып, дүниежүзіндегі кітапқұмарлардың сүйіп оқитын туындысына айналған. Бауыржан Момышұлының тікелей араласуымен жазылған туынды – жастардың  бойындағы рухын оятып, отаншылдыққа тәрбиелейтін тамаша дүние.

Себебі «Волоколамск тас жолы» кітабы көркем қиялдан жасалатын үйреншікті әдеби туынды емес, панфиловшылардың аты-жөндері толық сақталып, олар қатысқан ұрыстар сол қалпында суреттелетін әскери-документті шығарма. Сарапшылар  «кітап үшін тек Александр Бек қана жауап беріп қоймайды, сонымен бірге кітаптың шындығы үшін панфиловшылардың аруағы алдында,тарих алдында және замандастар алдында Бауыржан Момышұлы қоса жауап береді» деген пікірге жиі басымдық береді.  Сондықтан,  бүгін оқырман назарына қайта ұсынылып отырған шығарманы келер ұрпақ та  достық және адалдықтың өлшемінің жылнамасы деп қабылдайтыны анық.