Облыс орталығында ашылған сервис-орталық облыс тұрғындарына жедел әрі нақты жауап беруге мүмкіндік береді.
Фронт-офис пен open space форматында жұмыс істейтін орталықта тұрғындарға барлық жағдай жасалған. Арнайы кабинеттерде мамандар шағым айтып келушілердің сұрақтарына жауап береді.
Сондай-ақ, «Ертіс - адалдық алаңы» фронт-офисі де осы жерде орналасқан.
-Елбасы тапсырмасы бойынша «Ертіс - адалдық алаңы» жобалық офисі 2018 жылдың желтоқсанында ашылды. Нәтижесінде мемлекеттік органдар оңтайландырылуда, фронт-офистер ашылып, тұрғындардың өтініш, шағымдарымен жұмыс жасалуда. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іске асырылуда.Өңірдің қалалары мен аудандарында фронт-офистер жұмыс істеуде,-деді облыс әкімі Болат Бақауов орталықтың ашылуында.
Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті, қазір қоғам сұранысына сай жылдам әрекет ету қажет. Сондықтан,қашанда шұғыл әрекет етуге дайынбыз,-дейді жемқорлыққа қарсы қарсы қызмет өкілдері. Сервис-орталықта бір жерде шоғырланған қызмет түрлері жергілікті билік орындарымен мен халық арасындағы тікелей байланыстырмақ. Ал, Antikor Ortalygy-на келген тұрғындарғаEGOV порталы арқылы ақпарат алуға да мүмкіндік бар.
Бұл жерде «Азаматтарға қызмет көрсету орталығының» арнайы терминалы орналасқан. Бұдан бөлек, «Балалар бұрышы» да қарастырылған.