Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан елорданың «Барыс» клубы Мәскеу облысының «Витязь» командасынан басым түсті.
Ойынды тамашалауға келген үш мыңға жуық жанкүйер жеті бірдей тамаша голдың куәсі болды. Мұзайдын иелерінен 14-минутта Якуб Ержабек пен 48-минутта Святослав Гребенщиков мергендігімен көзге түсті. Ал «Барыс» сапынан Корбэн Найт (18-минут), Кертис Волк (24) және Дмитрий Шевченко (39) қарсылас команданың қақпасына бір-бір шайба соқса, Линус Виделль 33 және 53-минутта гол соғып, дубль авторы атанды. Қорытынды есеп – 2:5. «Барыстың» пайдасына.
Бұл жеңісінен кейін елорда командасы ҚХЛ-дің «Шығыс» конференциясында 50 ұпаймен үшінші орында келеді.