Бұл күндері Қатар астанасы Дохада ауыр атлетикадан Токио Олимпиадасына жолдама беруші лицензиялық турнир өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні қазақстандық спортшылар үшін табысты басталды.
Қыркүйек айында Таиландта өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген Игорь Сон лицензиялық турнирде бас жүлде олжалады. 61 килода сынға түскен отандасымыз қос сайыс қорытындысы бойынша 278 килоны (124+154) еңсеріп, тұғырдың ең жоғарғы сатысынан көрінді. Ал түрікменстандық Сейітжан Мирзаев (270 кг) екінші, италиялық Руи Давиде (270 кг) үшінші орын иеленді.
Ал 81 кило салмақтағы Нижат Рахимов пен Денис Уланов жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Рахимов 342 (150+192) киломен 7-орын алса, Уланов 315 (140+75) кило зілтемірді көтеріп, ондыққа ілінді.