• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Руханият 25 Желтоқсан, 2019

Күлкі керуені № 31

4594 рет
көрсетілді

БІРДЕ...

Н.С.Хрущев алқапқа шығып, шаруалардың қалай жұмыс істейтінін қарап көрмек болып шешті. Шалғышыға келіп, оның жұмысын бақылап тұрып былай дейді:

– Сенде пайдаланылмаған резервтер бар ғой! Сен шалғымен шөп шапқанда, ол кері қарай бос қайтады. Екінші жағына қарайтын тағы бір жүз істеп ал, сонда жұмысың екі есе өнімді болады...

Н.С.Хрущев біраз уақыттан кейін алқапқа қайтадан шығып, шаруаның екі жүзді шалғымен шауып жатқанын көреді. Біраз сыртынан бақылап тұрып, жақындап келіп, былай дейді:

– Байқап тұрсам, сенде тағы бір ресурс бар! Шөпті шапқаннан кейін, саған оны жинауға тура келеді ғой?

Ендеше былай, арғы жағыңа тырма байлап ал, сонда қайтып оралудың қажеті болмайды...

Келесі күні Н.С.Хрущев қайтадан алқапқа келеді. Шаруаның артына тырма байлап алып, екі жүзді шалғымен шөп шауып жатқанын көреді. Шаруа Хрущевті көріп қалып қашып барып, бұтаның түбіне тығылып қалмақ болады. Хрущев оны қуып жетіп сұрайды:

–  Сен менен неге қашасың?

 Шаруа былай деп жауап береді:

– Білемін, білемін, Никита Сергеевич, маған не айтатыныңды: пайдаланылмаған мүмкіндік бар – маңдайыңа фонарь байлап ал да, күндіз-түні шаба бер дегелі тұрсыз ғой.

***

Американдықтар Айға барып қонғанда, Брежнев ғарышкерлерді Кремьлге шақырып алып: «Американдықтар Айға қонды, біз қайткен күнде де олардан асып түсуіміз керек! Сондықтан, дайындалыңыздар, сіздерді Күнге ұшырамыз», дегенде ғарышкер: «Не тапсырмаңыз болса да орындауға бармыз, бірақ... Күнге дегеніңіз... күйіп-жанып кетеміз ғой!» – деп күмілжиді. Сонда Бас хатшы: «Сіздер не, мұнда өңкей ақымақтар отыр деп ойлайсыздар ма? Сіздер күндіз емес, түнде ұшасыздар!» – депті.   

***

Француз актрисасы Сара Бернар бірде, бір пьесада қайыршы рөлін ойнап тұрып монологты мына сөзбен аяқтайды:

 – Жаратқан ием, жоқшылықтан нәр сызбаған басым дәрмен құрып құлауға шақ қалдым- ау!

Сара Бернар бұл сөзді айтып болып білегіне қараса, қара басып алтын браслетін шешіп тастауды ұмытып кетіпті. Көрерменнің бірі:

 – Браслетіңізді сатыңыз! – деп айқай салыпты. Сонда актриса тапқырлық танытып:

 – Сатқым-ақ келген, антұрған ол да жасанды болып шықты емес пе, – депті.