Кеншілер астанасында «Болашақтың қаласы» атты тақырып бойынша компьютерлік графикадан облыстық байқау өтті. Екі кезеңнен тұрған сайысқа 7-9-шы сынып оқушылары қатысып, бақ сынады.
Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, ақпараттық технологияларды қолдануға деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен байқаудың шарты бойынша үміткерлер Adobe Photoshop немесе CorelDRAW бағдарламаларында болашақ қалалардың бейнесі бар постер жасауы тиіс болды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Қарағанды қаласындағы № 23 ЖББОМ оқушысы Асылхан Жәмелов бас жүлдені жеңіп алды. Екінші жүлдеге Ю.Павлов атындағы №35 ОМ оқушысы Айбота Игібай ие болса, облыс орталығындағы № 59 ЖББОМ оқушысы Константин Сорокин жүлделі үшінші орынды қанағат етті.