• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Желтоқсан, 2019

Әулиеатадағы жаңа амфитеатр

328 рет
көрсетілді

Бүгін Жамбыл облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай, «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде орналасқан «Ретро-фестиваль» амфитеатры пайдалануға берілді.

Нысанның ашылу салтанатында  концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар Қазақстанның Халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов, Мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, «Орталық Қазақстан» туризм, шеберлер және қонақ үй ассоциациясының президенті Мая Ағаділова, ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Маралтай Райымбекұлы Жамбыл өңіріне деген жүрекжарды құттықтау сөздерін жеткізіп, Тараз тарихын таныту барысындағы жемісті жұмыстарды айрықша атап өтті. Ақын Маралтай Райымбекұлы көпшілікке Тараз туралы өлеңін оқып берді.

Пайдалануға берілген жаңа амфитеатрдың сыйымдылығы 1000 адам. Ашық аспан астындағы сахнада алдағы уақытта халықаралық байқаулар, конкурстар, басқа да өнер бәйгелері және мерекелік кештер өтетін болады. Нысанның құрылысын жүргізген бас мердігер – «ЖАҢА АРНА 2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Айта кетейік, сахна құрылысының жалпы аумағы 2000 шаршы метрді құрайды. Сахнаның жерден биіктігі 1 метр 20 сантиметр. Ұзындығы 32 метр болса, биіктігі 7 метрден асады. Мұндай амфитеатр елімізде бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау қалаларында болса, енді тарихи Тараз шаһарындағы жаңа кешенде бой көтеріп отыр.