• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 26 Желтоқсан, 2019

«Жасыл экономикаға» көшуге қадам

169 рет
көрсетілді

Италиялық «Eni» компаниясы Қарғалы ауданында жел электр стансасының бірінші кезеңін іске қосты.

Аталған нысан экологиялық тұрғыдан таза электр энергиясын өндіреді. Осы тұрғыда Ақтөбе облысында баламасы жоқ қанатқақты жобаның алғашқы кезеңі жүзеге асты. Бұл инвестициялық құрылым облыс экономикасының әлеуетін одан әрі нығайтуға септігін тигізеді, – деді аталған жобаға қолдау көрсеткен «Kazakh invest» ҰҚ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Кәнешев.

Жел электр стансасының жылдық қуаты 48 MBТ-қа тең болса, жалпы құны 33 миллиард теңгені құрайды. Жаңа нысан ширек ғасыр ішінде жыл сайын 200 ГВт-ға жуық электр қуатын өндіреді деп күтілуде. Бір сөзбен айтқанда, 20 мың адамды жарық көзімен қамтамасыз етуге қауқарлы. Яғни Қарғалы ауданы тұрғындары мен өндірістік және шаруашылық нысандарды электр энергиясымен толықтай қамтуға жетеді. 2020 жылы жел электр стансасының екінші кезеңі де аяқталып, толық қуатында іске қосылмақ.

«Біз шетелдік инвесторларға бизнес жүргізуге қажетті жағдайды ту­ғызу үшін барлық мүмкіндікті қарас­тырып келеміз. Осы ұмты­лысы­мыз­дың нәтижелері де жоқ емес. Мұның жарқын мысалдарының бірі – италиялық «Eni» компаниясының өңірде жасаған қарқынды іс-қимылы деу­ге болады. Олардың жобаға жүз миллион доллардан астам қомақты инвестициялық қаражат салуы жергі­лік­ті атқарушы органдар тарапынан жасалған қолдаудың бір көрінісі болмақ», деді стансаның ашылу рәсімі кезінде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

 

Ақтөбе облысы,

Қарғалы ауданы