• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Желтоқсан, 2019

Пойызда дүниеге келді

189 рет
көрсетілді

«Өскемен – Алматы» ба­­ғыты бойынша қа­ты­найтын №351 жолаушылар пойызында нәресте дүниеге келді. Виктория Марочкина бойы 46 см, ал салмағы 2,7 кило ұл баланы жа­рық дүниеге әкелді.

Сапар барысында жолау­шы толғата бастаған соң, пойы­з басшысы жақын маңда ор­на­ласқан Жарма стансасына же­дел жәрдем шақыртты. Бірақ Виктория Марочкина стансаға жетпей, жолсеріктер мен пойыз­да жол жүріп келе жатқан дәрігердің көмегімен аман-есен босанды. Балаға Матвей деген есім беріліп, анасымен бірге Жармадағы перинаталды орталыққа жет­кізілді.

Ал нәрестенің әкесі Вале­ра телефон арқылы осы қуа­нышты жағдайға атсалысқан бар­ша азаматтарға өзінің шек­­­­сіз алғысын білдірді.

Ұлттық тасымалдаушы ана мен балаға зор денсаулық ті­­лейді.