• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Руханият 26 Желтоқсан, 2019

Күлкі керуені № 32

3553 рет
көрсетілді

КҮЛЛІ ӘЛЕМНІҢ КҮЛКІСІ

– Әйелімнің көзіне күл түсіп, пора-пора көз жасын дәрігерге жеті мың теңге беріп емдетіп әрең-пәрең  тыйдырттым.

– Менің де әйелімнің көзіне базардағы қымбат  пальто түсіп... көз жасын жетпіс мың теңге беріп әрең-пәрең тыйдырдым...

      ***

Оноре де Бальзак графологиямен айналысқанды, яғни адамның жазуына қарап мінез-құлқын, болашағын ажыратуды  жақсы көрген екен. Бір бикеш Бальзакқа оқушының дәптерін  көрсетеді де, жазуына қарап  оқушының болашағы туралы айтып беруін өтінеді.

 – Сіз бұл баланың шешесісіз бе?

 – Жоқ.

– Онда мен бар шындықты айта алады екенмін: бұл бала – жеңілтек, жалқау әрі топас. Оның қолынан еш жақсылық келмейді.

Бикеш ішек-сілесі қатып күледі.

– Бальзак мырза, сіз қалайша  өзіңіздің жазуыңызды танымай қалдыңыз? Бұл сіздің мектепте оқып жүргендегі дәптеріңіз ғой...

Сол күннен бастап  Бальзак графологиямен айналасуын доғарыпты.

       ***

Екі кемпір әңгімелесіп  отыр. Жасы үлкені:

– Менің балам  «рекет» деген қызметке тұрып, үйімізге  күндіз-түні дүние-мүлікті тасып-ақ титықтап бітетін болды.

Әлгі екі кемпір тағы да әңгіме соғып отыр. Жасы үлкені:

– Әнеукүнгі баламның жұмысы ауысып, «касек» деген қызметке тұрыпты да, енді дүние- мүліктерді сыртқа тасып титықтап-ақ бітті.

          ***

– Баламның мамасы-ау, әшейінде телефон тұтқасына бір жабыссаң – әйда көсіліп... айда түспеуші едің, мынауыңмен бар болғаны жарты-ақ сағат сөйлестің ғой?!

– Е, әдірем қалғырды, телефон нөмірін дұрыс термеппін...