КҮЛЛІ ӘЛЕМНІҢ КҮЛКІСІ
– Әйелімнің көзіне күл түсіп, пора-пора көз жасын дәрігерге жеті мың теңге беріп емдетіп әрең-пәрең тыйдырттым.
– Менің де әйелімнің көзіне базардағы қымбат пальто түсіп... көз жасын жетпіс мың теңге беріп әрең-пәрең тыйдырдым...
***
Оноре де Бальзак графологиямен айналысқанды, яғни адамның жазуына қарап мінез-құлқын, болашағын ажыратуды жақсы көрген екен. Бір бикеш Бальзакқа оқушының дәптерін көрсетеді де, жазуына қарап оқушының болашағы туралы айтып беруін өтінеді.
– Сіз бұл баланың шешесісіз бе?
– Жоқ.
– Онда мен бар шындықты айта алады екенмін: бұл бала – жеңілтек, жалқау әрі топас. Оның қолынан еш жақсылық келмейді.
Бикеш ішек-сілесі қатып күледі.
– Бальзак мырза, сіз қалайша өзіңіздің жазуыңызды танымай қалдыңыз? Бұл сіздің мектепте оқып жүргендегі дәптеріңіз ғой...
Сол күннен бастап Бальзак графологиямен айналасуын доғарыпты.
***
Екі кемпір әңгімелесіп отыр. Жасы үлкені:
– Менің балам «рекет» деген қызметке тұрып, үйімізге күндіз-түні дүние-мүлікті тасып-ақ титықтап бітетін болды.
Әлгі екі кемпір тағы да әңгіме соғып отыр. Жасы үлкені:
– Әнеукүнгі баламның жұмысы ауысып, «касек» деген қызметке тұрыпты да, енді дүние- мүліктерді сыртқа тасып титықтап-ақ бітті.
***
– Баламның мамасы-ау, әшейінде телефон тұтқасына бір жабыссаң – әйда көсіліп... айда түспеуші едің, мынауыңмен бар болғаны жарты-ақ сағат сөйлестің ғой?!
– Е, әдірем қалғырды, телефон нөмірін дұрыс термеппін...